Сайт керек пе?

Джумлада орнатылған сайтты басқара білетін, сайтты тегін иемденгісі келетін юзерлерге:

Саған (күшік) сайт керек пе? Мен qalamger.idhost.kz/ сайтын беруге әзірмін. Өзімнің басқа жобаларды қолға алуыма байланысты, жеке бас мәселелерінің көбеюіне байланысты, бос уақыттың азаюына байланысты сайтты жауапты біреудің қолына тапсыруды жүн санап отырмын. Одмин болам деуші еріктіге бере саламын.

Талап: Ешқандай міндет-шарттар қоймаймын. Сайтты бір қалыпты басқарып, қолданушыларды-оқырмандарды көбейтуге жұрт қатарлы үлесін қосса жетеді.

Жауып тастайын десем обал болып тұр.
Әрі қарай

"Қаламгер" сайты ашылды.

Ашып жібердім. Ішіне шығарманы салу үшін тіркелу керек. Сайтқа логинмен кіргеннен кейін жоғарғы мәзірлер қатарында "Өз шығармаңды қос" деген батырма пайда болады. Сол арқылы мәтін енгізесің. Мәтін енгізу формасының астында бөлімін, дәрежесін таңдайсың. Мысалы, әңгіме енгізгің келсе «Шығармалар» бөлімін, "Әңгіме" дәрежесін, мәдениетке қатысты жаңалық енгізгің келсе «Жаңалықтар» бөлімі, «Мәдениет жаңалықтары» дәрежесін таңдайсың.

Жәй оқырман ретінде бас сұғып, пікірлер жазуға да болады. Ол үшін мақаланы толық ашып, астына жазасың. Баға беру функциясы да бар.

Мақсат: Қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің келбетін көрсету, даму бағытын анықтау. Шығармашыл жастардың белсенділігін арттыру, олардың шығармашылығын көпшілікке таныстыру.

Сайт: qalamger.idhost.kz
Әрі қарай